Теңізшілер судан ешбір тіршілік иесіне ұқсамайтын "мутант" тауып алды
Бірнеше апта бұрын Италияның Портоферрайо қаласындағы Дарсен Медичи айлағынан әскери-теңіз офицерлері біртүрлі тіршілік иесін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алыстан олар бұл миниатюралық акула деп ойлаған. Бірақ кемеде көрген кезде жануардың түрі аздап шошқаға ұқсайтыны байқалады. Бірнеше күннен кейін бүкіл қалада әскерилердің қорқынышты мутант ұстап алғаны туралы қауесеттер тараған. Бірақ бұл әңгімелердің ешқайсысы шындыққа жанаспайтыны белгілі болды.
"Құбыжық" дереу сараптамаға жіберілді. Сарапшылар тіршілік иесінің мүлде мутант емес деген қорытындыға келді. Бірақ жануар түрі өте сирек кездеседі. Акула – "қарапайым центрин" (Oxynotus centrina) түрлеріне жататын балықтың түрі. Олар Атлант мұхитының 777 метр тереңдігінде өмір сүреді. Сондықтан оның таяз суға қалай түскені белгісіз. Тіршілік иесі IUCN қызыл кітабына жойылып кету қаупі бар тіршілік иесі ретінде енгізілген.
Куәгерлер әлеуметтік желілерде акуланың суреттерін жариялағаннан кейін барлық жерге таралып кетті. Желі қолданушылары таңырқаған да, қорыққан да жоқ. Көбі қызыл кітапқа енген акуланы не үшін ұстанғандарын түсінбеді. Сонымен қатар олар кінәлі адамдардың жауапқа тартылғанын қалайды.
Алайда ол үшін белгісіз жануарды ұстағандардың жаза тартылуы екіталай. Ұсталған акула дереу зерттеуге жіберілді. Бұл болашақта популяцияны қалпына келтіруге көмектесуі мүмкін.