Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тасбақалардың қанын ішкен: Ашық мұхитта 27 күн қалып қойған балықшылар ғажайыптың күшімен аман қалды

Үш мексикалық балықшы бір ай бойы мұхит бетінде тамақ пен сусыз қалып қойып, аман қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға Мексиканың Чиапас штатының үш балықшысының басынан өткен. Шамасы, ер адамдар жақындап келе жатқан дауыл туралы синоптиктердің ескертуін елемеген. Немесе олар қолайсыз ауа райы басталғанға дейін жеткілікті балықты аулай аламыз деп ойлаған.

Бірақ балықшылардың бұл есептеуі қате болып шығады. Дауылды жел олардың қолда бар карталарын шатастырып, қайықты ашық мұхитқа алып кеткен. Әлбетте, балықшылардың жанында барлық қажетті құрал-жабдықтар болған. Радио арқылы олар жағалауға хабарласып, желдің қай бағытқа алып кеткенін түсіндіре алған. Бірақ дауылдың қарқыны әлі басылмаған еді, сондықтан ешкімнің оларға құтқару қайығын жіберуге батылы бармады. Бұл кезде жел қайықты мұхитқа қарай алыстата берді.



Қайықта 28 және 30 жастағы екі жас жігіт пен 50 жастағы теңізде тәжірибесі мол адам болды. Қайықта жанармай таусылған сәтте байғұс жандар өздерінің айтарлықтай қиыншылыққа тап болғанын түсінді. Радио да осы сәтте бұзылып қалған еді. Бұл экспедициялық емес қарапайым балық аулау сапары болғандықтан олардың тамақтары таусылуға таяды. Сондықтар олар балық пен тасбақаны аулап азық етті.

Бәрінен де ең үлкен мәселе тұзды суда болды. Балықшылардың бағына орай, жаңбыр жиі жауып, олар кез келген табылған ыдысқа жаңбыр суын толтырып алуға мүмкіндіктері болды. Жауын болмаған ыстық күндерде ер адамдарды шөл қысып, тасбақалардың қанын ішуге мәжбүр болды.

Балықшыларды 27 күн дегенде құтқаруға мүмкіндік туды. Олар алыстан менмұндалап тұрған тас сұлбасын көріп, солай қарай қолдарымен жүзіп барады. Балықшылар жолда кездескен бірінші елді мекенге жеткенде, жел өздерін айдап кеткен порттан 300 шақырым жерде екенін білді.

Талқылау