Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Акула туралы 20 мәлімет

Stan.kz акулалар туралы танымдық, әрі қызықты деректер ұсынады.

Акулалар туралы 20 дерек

  1. Зерттеушілердің пікірінше, адамдарға көбіне жолбарыс, балғабасты, мако, ақ табан, бұқа, құмды, көгілдір, лимон және теңіз түлкісі акуласы шабуыл жасайды.
  2. Үш метрлік акула бір сиырдың түгелдей бүйірін жұта алады.
  3. Акуланың асқазанынан бөтелке, сөмке, почта жөнелтімдері, снарядтар мен гранаталар, лақтырма қармақ секілді түрлі заттар табылған. Акулалардың яхталар мен балық аулайтын қайықтарға да шабуыл жасаған жағдайлар бар.
  4. Акулалар жүзгіштерге су температурасы 18 градустан жоғары жылы суларда шабуылдайды делінеді. Ал, зерттеушілер 790 шабуылдың тек үшеуі ғана су температурасы 18 градус болғанда орын алды дейді. Бірақ, сонда да акулалар суық суда шабуылдамайды деген қорытынды жасалған болатын. Дегенмен, ақылы бар кез-келген адам жүзгіштердің жылы суда жүзгенді қалайтынын жақсы біледі. Сондай-ақ, суық теңізде акулалар аз жүреді.
  5. Әртүрлі дереккөздерге сүйенсек, акулалар жыл сайын 80-300 шақты адамды жемтігі етеді. Қазір көптеген туристік елдерде акулалардың шабуылы туралы ақпарат жарияланбайды. Сондықтан, Қызыл теңізде қанша адамның акуланың жемтігіне айналғанын білу мүмкін емес. Бірақ, жергілікті тұрғындардың айтуынша, тек Эйлат курорттық аймағында жылына 2-3 адам акуланың шабуылынан қаза табады. Оның өзінде, ашық теңізде яхтамен серуендеп, жүзіп жүргендер акуланың жемтігіне айналып жатады.
  6. Түріне байланысты акуланың аузында 30-дан 400-ге дейін тіс болуы мүмкін және олар бірнеше қатарда орналасқан. Ал төрт метрлік акуланың жағының қысу күші – 20 килоньютон.
  7. Акулалардың адамдарға жасаған шабуылының жартысы өліммен аяқталады.
  8. Акула қанды алыстан сезеді. Олардың жараланған киттерге де бірнеше шақырым қашықтықтан келіп, шабуыл жасаған кезі болған. Акула жемтігін бес метрден көре бастайды. Ол алыс қашықтықта ғана жемтігін сезіп, ести алады.
    Балықтар туралы қызықты мәліметтер >>>
  9. Ең қауіпсіз гидрокостюмнің түсі жарқын жолақтары жоқ қара гидрокостюм. Бірақ қара костюм кигендерді теңізге шығармайды. Себебі, жүзгіштер жоғалып кетпес үшін және винттің астында қалып қалмас үшін оларға қара костюм кигізбейді. Ал, жарқын жасыл түсті ескекаяқтар қара-көкке қарағанда қауіпті. Сондай-ақ, кейбір нұсқаушылар әйелдерге суға түспей тұрып алтын сырғаларын шешіп тастауға кеңес береді.
  10. Акула киімі бар адамға көп шабуыл жасамайды. Теористер суға түскенде шешінбеуге және аяқ киімдерді шешпеуге кеңес береді. Бірақ, бұл жағдайда суға тез батып кетуге болады.
  11. Негізінен, акулалар сағатына 8 шақырым крейсерлік жылдамдықпен қозғалады. Бірақ азық іздеу немесе шабуылдау кезінде орташа акулалар сағатына 19 шақырымдықпен қозғалады. Ал, мако акуланың жылдамдығы сағатына 50 шақырым жылдамдыққа жетуі мүмкін.
  12. Акулаларда торсылдақ болмайды. Олар өз орындарын суда сақтайды, өйткені су олардың жүзбеқанатын үстінен жуады. Егер олар қозғалуды тоқтатса, батып кетеді. Бірақ, акулаларда тежегіш қасиеті жоқ, сондықтан олар бірден тоқтай алмайды.
  13. Акулаға өз салмағына байланысты тек 3 – 14% мөлшеріндегі азық бір аптада жетеді.
  14. Кейде акулалар азық іздеу кезінде естен адасады. Жемтігін іздеген акула теңіз жануарларына, адамға немесе су асты сымына, яғни кез келген затқа шабуыл жасайды.
  15. Акула 600 мың литр суға түскен бір грамм қанды 500 метр қашықтықтан сезеді.
  16. 1967 жылы Мельбурн тұрғыны Генри Бурс жағалауға жақын жерде шомылып жүрді. Сол кезде кенеттен акула келіп, оның аяғын тістеп алады. Бір жылдан кейін Генри аяғының орнына протез салып, жағалауға қайта келді. Сонда ол суға жүзіп бара жатып, жағалауға бұрылғанда, патрульдік қайықтан шыққан ескертуді естіді. Сөйтсе оның артында акула жүзіп жүрген. Осылайша, ол ақырында жыртқыштың жемтігіне айналды.
  17. Акула шабуыл жасаған кезде, жемтігіне алдымен төменгі жағының тістерін батырады. Ал, жоғарғы тістерімен пышақ секілді кескілейді.
  18. Брамстың «Колыбельный» сияқты ұйықтатын композициялары акулаларды гипноз әсері секілді, трансқа түсуге мәжбүрлейді.
  19. Акулалар – теңіз кезбелері болып табылады. Ол жемтігін іздеу үшін мұхит жолының бойымен кезіп жүре береді. Кейде олар ас үйдегі қалдықтарды суға лақтырып жүре беретін кеменің ізіне түсіп, еріп жүреді.
  20. Акулалардың бәрі жыртқыш емес. Мысалы көптеген акулалар, соның ішінде үлкен кит акула планктон, медуза және кішкентай балықтар секілді теңіз жәндіктерін азық етеді.
Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жұмыссыз қалған қазақстандық әйелін ұрып, ішіндегі баласын түсіріп тастады

Күйеуі ауруханаға түскен әйелін бір де бір рет іздеп келмеген

Баландин АҚШ-тағы олимпиададан алтын алды

Ал екінші және үшінші орын АҚШ спортшыларына бұйырды

Бауыржан Есебаев: Маған әнім үшін төсек қатынасын ұсынған қыздар көп болды

Алайда сазгер бұл ұсыныстардың бәрінен бас тартқанын айтады

Көлік 16 метрге дейін сүйреді: Мүгедек болып қалған әйел кінәлі жүргізушінің тайраңдап жүргенін айтты

Ер адам ақшаны еміңізге берейін деп көлікті тұрақтан шығартып, кейін ғайып болған

АҚШ-тағы сұлулық байқауында жеңген ару: Қазақтың "ұят болады" деген сөзі дамуыма кедергі келтірді

Ақерке Ысқақ бала күнінен шетелде тұруды армандағанын айтады

"Төбеме жай түскендей болды": Димаш бақилық болған тыңдарманының жақындарына көңіл айтты

Әнші Лейсан есімді арудың арманын орындаған еді

ҰҚҚ "Олимп" арқылы онлайн бәс тігу тоқтатылатынын хабарлады

Қазір "Олимптің" басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр

Тараздағы оқушы қыздың зорлануы: Облыс әкімі оқиғаға байланысты жауапкершілікті сезінетіндігі жайлы жауап берді

Бұған қоса ол аймақтағы дәретханалардың құрылысы жайлы айтты

11 сынып оқушысы өзіне қол жұмсаған соң мектеп директоры мен білім бөлімінің басшысы жұмыстарынан кетті

Бұл мектепте көктемде осыған ұқсас жағдай орын алған

Алматы облысында қалтасына бір миллион теңге басқан шенді ұсталды

Оның қалтасынан бес, он және жиырма мыңдық қағаз ақшалар табылған
Çàãðóçêà...