Теміртауда өрт шықты: 700 саяжай үйі жанып кетті (видео)
Теміртауда "Металлург КМК" саяжайлық жерінде алапат өрт болып, жүздеген үй жанып кетті. Екі адам зардап шекті. Өрт туралы patriotkaragandy Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жалынмен күресуге 64 өрт сөндірушы және 7 техника жұмылдырылды. Өртті сөндіруге қатты соққан жел кедергі болды.
"Өрт сөндірушілер ең бастысы үйлердің, теміржолдарды, "Жаңа ауыл" және "Металлургическая" станцияларына өрттің жайылмауын қадағалады. Солардың арқасында бұл аймақтар аман қалды", - деп хабарлайды Төтенше жағдаайлар комитеті басқармасы.
Өрт сөндірушілер 1932 және 1936 жылы туған екі әйелді алып шықты. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. Біреуі өзін жайсыз сезінгенін айтса, екіншісі ІІ және ІІІ дәрежедегі бетінен күйік алған.
Төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, 700 иесіз үй және 20 қолданыстағы аймақ, 160 гектар болатын жерді өрт шарпыған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады