Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тарихтағы ең бай адам белгілі болды

Amazon интернет-компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос тарихтағы ең бай адам атанды. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.

Джефф Безос Bloomberg және Forbes рейтинде ең бай адамдар тізіміндегі Билл Гейтстен де асып түскен.

Bloomberg мәліметі бойынша, Безостың байлығы 2018 жылдың 9 қаңтарында 105,1 млрд долларды көрсеткен. Forbes тізімінде оның дәулеті 104,4 млрд доллар делінген. Қос рейтингте де Amazon басшысы әлемнің ең бай адамы Билл Гейтсті басып озған.

Джефф Безос Amazon компаниясы акцияларының қымбаттауының әсерінен байыған. Себебі, қаңтар басынан акциялар құны 3,2 пайызға артқан.

Forbes журналының 2018 жылдың 9 қаңтарындағы мәліметі бойынша, Amazon компаниясының бір акциясының құны 1 246 доллар – бұл құнды қағаздар тарихындағы ең жоғары баға.

2017 жылдың шілдесінде Безос Bloomberg және Forbes тұжырымы бойынша ең дәулетті адам деп танылды. Ол кезде бизнесменнің байлығы 90,6 млрд доллар деп бағаланған еді.

Безос Amazon компаниясын 1994 жылы құрды. 2016 жылы компанияның табысы 136 млрд долларды құрады. Сонымен қатар, Blue Origin ғарыш компаниясы мен Washington Post басылымы да оның иелігіне.

Тағы оқыңыз:

Назарбаев қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырды

Назарбаев: Терминдерді қазақ тіліне аударудағы “жаңалықтар” күлкіңді келтіреді

Елбасы мұғалімдердің айлығын 50 пайызға дейін көтеруге уәде берді

Елбасы: Азаматтық қоғам құрылғанда өзге ұлт өкілі де президент болып сайлана алады

Талқылау