Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздық данышпан бала Назарбаев Университеті үшін Кембриджден бас тартты

Британ физигі, теоретик Стивен Хокинг Исаак Мустопулоға Кембриджде білім алуды ұсынған.

Бұл туралы Sputnik басылымы хабарлайды.

Тараздық оқушы Исаак Мустопуло Кембриджен шақыру алған, алайда оны қабылдауға асығыстық танытып отырған жоқ.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевпен кездесуде Исаак Назарбаев Университетіне түскісі келетінін айтқан.

«Сенбеуіңіз мүмкін, Хокинг мырза мені Кембридж университетінің бакалавриат немесе магистратурасына түсуге шақырды. Бірақ мен өз мемлекетімде бакалавриатқа түскім келеді. Менің арманым – еліміздегі ең үздік жоғары оқу орны Назарбаев Университетінің студенті атану. Ал магистратураны Кембриджде жалғастыруым мүмкін», – деген Мустопулоның сөзі ҚР БҒМ баспасөз қызметінде келтірілді.

Балалар церебральды сал ауруынан зардап шегетін Тараздық жас данышпан өзінің кумирі Стивен Хокингпен қазан айының басында кездескен. Ұлыбританияға барған сапарында Исаак Лондондағы ғылым музейі, Кембридж университеті мен Британ Кеңесінің штаб-пәтерінде болған.

9-сыныпта оқитын Исаак Мустопуло ғарышнама бойынша шеберлік сыныбын өткізеді. Жас ғалым ғарыш аппараттарына арналған электр қуатын өндіру процесі туралы өзіндік «Үйлесім теориясын», сонымен қатар мүгедек балаларға арналған инклюзивті білім беру жүйесін ойлап тапқан.

«Біз Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту үшін көп күш жұмсаймыз. Исаак, сен сияқты дарынды оқушылар ешетеңеден шектелмеуі керек. Жалпы қазақстандық оқушылардың сапалы білім алу мүмкіндігі бірдей болуы тиіс», – дейді Исаакпен өткен кездесуде  Ерлан Сағадиев.

Ал Исаак Мустопуло өзін данышпан емес, қарапайым оқушы деп санайды.

Жіберіп алмаңыз:

Құлсары қаласында көшеде тыр жалаңаш жүрген еркек ұсталды

Артистер тартылған Аралда би биледі (видео)

Ақтаулық тұрғын аквариумдегі бекірені ұрлаймын деп ұятқа қалды (видео)

Алматыда Сейфуллин және Абылай хан даңғылдары бір бағытты болып өзгермек

Талқылау