Артистер тартылған Аралда би биледі (видео)
Қазақстандық артистер эколог мамандардың назарын Арал мәселесіне назар аударту үшін би биледі.

TENIZ атты телехикаяның түсіріліміне балет артисі Досжан Табылды мен “Биле, Қазақстан” байқауының қатысушысы Бақытнұр Дүйсенбаева қатысты. Олар қобыз үніне биледі.
“Аралдағы экология мәселесі кез келген қазақстандық үшін маңызды мәселе. ХХ ғасырда орын алған трагедия менің де жүрегімді қарып өтті. Сол себепті, біз бұл мәселеге қазақстандық және әлемдік экологтардың назарын аударту үшін музыканы пайдаландық”, – дейді Досжан Табылды.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”