Алматыда Сейфуллин және Абылай хан даңғылдары бір бағытты болып өзгермек
Енді қала ішіндегі қозғалысы көп екі негізгі көшелердің бірі – Сейфуллин даңғылы Райымбек батырдан бастап Сәтбаев көшесіне дейін бір бағыттық болады, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл көшемен көліктер оңтүстік бағытта, яғни жоғарыға қарай ғана қозғалады. Ал Наурызбай батыр мен Желтоқсан көшелері кері бағытқа ауыспақ. Наурызбаймен солтүстікке, яғни, төмен қарай, ал, Желтоқсанмен керісінше жоғары қарай жүресіз.
Сондай-ақ, Абылай хан даңғылын да бір бағыттық қылып өзгерту жоспарда бар. Бұл көшемен көліктер Абай даңғылынан Райымбек батыр даңғылына дейін солтүстік бағытта қозғалады. Әкімдік қаланың барлық көшелеріндегі көлік қозғалысының жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін азайту мәселесі де қарап жатыр. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектен бастап Алматыда Құрманғазы мен Шевченко көшелері бір бағыттық болып өзгертілген еді.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”