Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал композитор өзін министр Арыстанбек Мұхамедиұлының бопсалағанын айтып шағымданды

Қазақстандық танымал композитор Қадырғали Көбентай өзінің қызына ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қоқан-лоққы көрсеткенін айтып шағымданды.

Безымянный

Бұл туралы ол Фейсбуктағы парақшасында жариялады.

Бұл даудың да түп-төркіні Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне барып тіреледі. “Феникс” фильміне бөлінген қаражаттың 69 миллион теңгесін жымқырды деген айыппен шартты түрде сотталған халық әртісі 15 маусым күні баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Онда Жаманқұлов өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін БАҚ өкілдеріне айтыпты. Ал осы жиынға бармақшы болған композиторға мәдениет министрі тосқауыл қоюға тырысқан.

Анығында оған Астанада Балет театрында істейтін Аңсаған есімді қызы Минскіде жүрген жерінен телефон шалыпты.

“Папа, маған бастығым В. Кузембаев, сізге пресконференцияға бармасын деп жатыр, оны министр Арыстанбек Мухамедиұлы сұрап жатыр екен..”- деді. “Барсаңыз, мені жұмыстан шығармақ” дейді. Менде әлі ШОК!” (автор), – деп жазады Қадырғали Көбентай.

Қылмыстық топтардың өзі баланы саудаға салмайды ғой деп ашынып отыр композитор.

“Осыған дейін, Арыстанбекпен алты аласым, бес бересім жоқ еді, бүгіннен бастап бәрі кілт өзгерді. Балам бауыр етім ғой, ендігі ісім сенімен болсын, “құрметті” Арыстанбек Мухамедиұлы!..”, – дейді ол.

Қоғам белсенділері мен желі қолданушылары композиторды қолдап пікір қалдырған.

Оқи отырыңыз:

“Бояусыз түрім онша емес” деп жар салған Байырбекова жұрттан ұрыс естіп қалды

Мөлдір Әуелбекова алғаш рет ұлының бет-жүзін көрсетті

Джеки Чан «Доспехи Бога» фильмін Қазақстанда түсіргісі келгенін айтты

Димаш жаңа саундтрек жазып жатыр (видео)

Талқылау