Танымал блогер Баян Мақсатқызын сүймек болып, шапалақ жеді
Белгілі блогер Исраил Дәулет продюсер Баян Алагөзованы сүймек болды. Продюсер оған "шапалақпен" жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видеоны Мақсатқызы Instagram парақшасында жариялап:
“Айналаңда озбыр жүгірмектер жүргенде", - деп жазба қалдырды.
Бейнежазбада Исраил Дәулет Баян Мақсатқызынан бірігіп видеоға түсуін өтінеді. Келісімін берген продюсер не істеу керектігін сұрайды. Сонда блогер Баян Мақсатқызын сүйіп алмақ болады. Ал ол Исраил Дәулетке шапалақпен жауап қайтарады. "Ақымақсың ба, жүгірмек?" - дейді Мақсатқызы.
Желі қолданушылары видеоны көріп, күлкіге қалғандарын жазды.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген