Танымал әртіс адам өліміне алып келген жол апатына себепкер болды: ол 12 жылға түрмеге жабылуы мүмкін

Мәскеу полициясы жол апатына себепкер ресейлік актер Михайл Ефремовтың үстіне қылмыстық іс қозғады: әртіс соғылған көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Ефремов

Оқиға дүйсенбі күні Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ғимаратаның маңында орын алыпты. Жол апаты бейнебақылау камераларына түсіп қалған көрінеді. 

Басылым мәліметінше, Ефремовтың өзі зардап шекпеген, ал екінші көліктің жүргізушісі ауыр жарақаттармен мәскеулік ауруханаға жеткізілген. Кейін анықталғандай, ол үшінші дәрежелі есеңгіреуге ұшырап, жамбас сүйегі мен қабырғалары сынып, басына ауыр зақым келген. Келесі күні ер азамат опат болыпты. 

Ресейлік БАҚ ақпаратына сүйенсек, марқұм тамақ тасушы болып жұмыс істеген.

Бұған қоса Ефремов жол-көлік оқиғасы болған кезде мас екені анықталыпты. Бүгінгі күні оның үстіне қозғалған қылмыстық іс жүргізуші көз жұмған соң ауыр бапқа өзгертіліпті.  Егер сот актерді кінәлі деп тапса, ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ғажап емес. 

Қазір Ефремовтан ешқайда шықпау туралы қолхат алынып, үйіне жіберіліпті.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр