Тамара Асар "суррогаттық жолмен бала тапты" деп айыптағандарға жауап берді
Әнші Тамара Асар 45 жасында бала тапқанына күмән келтіргендерге жауап берді. Оқырманы әншіні сәбиін суррогаттық жолмен тапты деп сынаған, деп жазады Stan.kz.

"Босанған анаға мүлде ұқсамайсыз. Сірә, Жазира ханым сияқты... суррогаттық...", – деп жазған.
Бұған әнші үнсіз қарап отыра алмаса керек, былай деп жауап берді:
"Бақытты ана, сүйікті жардың сөзі ащы, ниеті лас екен. Сізге ақталып, тәнім мен жанымды жалаңаштау ойымда жоқ. Жиырма жылдан кейін менің тар құрсағымды кеңіткен, тас емшегімді жібіткен бір Аллаға тапсырдым сізді!".

Айта кетейік, әншінің екінші рет тұрмыс құрғаны белгілі болды. Бірақ уақыт бойы жеке өміріндегі жаңалықты жұрттан жасырып келген әнші жақында қыз босанды. Бұл – әншінің 19 жастағы Қамбар есімді ұлынан кейінгі екінші перзенті.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып