"Тамағыма ащы өксік тығылды": Қарақат Әбілдина марқұм анасын есіне алды
Танымал әнші Қарақат Әбілдина марқұм анасына арнап, жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі осыдан бес жыл бұрын дүниеден озған анасын есіне алды.
“Ана туралы ән айтылғанда тамағыма ащы өксік тығылады. Сіздерде де солай ма? Ана мен бала арасындағы тылсым байланыстың құдіреті қандай күшті еді. Балам сахнада қолында бір шоқ гүлі бар "анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды" деп анасына ән арнап тұр. Анасы болса "сағыныш қалдырып кеттің жүрегімде таусылмайтын" деп өз анасын ойлап көңілі босап отыр. Ех, бір кем дүние-ай. Аналарыңыз аман болсыншы", – деп жазды әнші.
-
"Меккеге аттанған досым түсімде анамды көріпті": Қарақат Әбілдина қызықты жайтты баяндады
-
"Нардың жүгін көтеріп жүр": Әкелерін арқалаған Қыдырәлі Болмановтың ұлдарына көпшілік сүйсінді
Айта кетейік, өнер иесінің анасы бір күнде еш ауырмастан дүние салған еді.
“Ойламаған жерден, еш ауырмастан, төсек тартып жатпастан, үнсіз кете барды... Соңғы уақытта Алладан: "Ешкімге салмағымды түсіріп, бақпалы болмасам екен, бір адамдай өмірді көрдім, ризамын, бала-шағамның алдында алсаң, арманым жоқ" деп жиі айтып отырушы еді... Жаратқан сол тілеуін қабыл етіпті”, – жеп жазған еді эстрада жұлдызы.