AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Меккеге аттанған досым түсімде анамды көріпті": Қарақат Әбілдина қызықты жайтты баяндады

Қарақат Әбілдина марқұм анасын еске алды. Әнші досының түсіне кірген анасы үшін дұға етті. Әнші анасына деген сағынышын өлеңмен жеткізді.

Қарақат Әбілдина анасын еске алып, қызықты жайтты баяндап берді. Айтуынша, қасиетті Меккеге аттанған досы анасының өтей алмаған қажылығын өтеген.

“Сенің анаң оятты мені - дейді… Жақын құрбым Меккеге кеткен қажылығын өтеуге. Сол жақтан хабарласып : “ Түнгі намаз, таң намазына ниет етіп жатып едім. Дым сезбей қатты ұйықтап қалыппын. “ Құлыным, мына бір шыны аяқ шайды ішіп алшы” - деген дауыстан ояндым. Сенің анашыңды көрдім.

Домаланған, мейірімді жүзі сол қалпы, сүт қатқан қою күрең шайын ұсынып жатты… Селк етіп оянсым, таң намазының уақыты екен. Еее… Бұл түс бекер емес дедім де, Қаламқас анамыздың атын атап тұрып өтей алмаған қажылығын сол кісінің атынан өтедім” деді досым. Қатты толқыдым. Алла ұлық! “ Жақсы адамның өзі кетсе де, көзі кетпейді” деген осы болар. Өмірде таныған әр адам махаббатпен еске алады ол кісіні… Бүгін анашымның туған күні… Ортамызда жүрсе, 81 жасқа толатын еді. Амал қанша”, – деп жазды Қарақат Әбілдина. 

Әнші анасына деген сағынышын бір ауыз сөзбен білдірді. 

“Теңізсің тартылмайтын,
Сәулесің сарқылмайтын,
Сағыныш қалдырып кеттің,
Ғұмырымда таусылмайтын. Жан Анам”, – деп жазды.

Өнердегі әріптестері мен желі қолданушылары басу айтып, қолдау көрсетті.

“Ананың орны бөлек”, – деп жазды Мөлдір Мұқанова. 

“Қаламқас апатайды жақсы көруші едім! “Сырымды айтсам деп едім” атты өзің туралы ән кешіне дайындық кезіндегі апамның қызықтары ойыма түсіп отыр! Ешкімге ұқсамаушы еді апатайым!”, –деп жазды Майра Ілиясова. 

“Анаңыздың әдемі жүзін көрген едік. Алла алдынан жарылқасын. Иманы жолдас болсын”, “Қарақат ханым! Ана деген сөздің өзі жүректі қозғап жібереді ғой шіркін! Сіз сияқты, қазақтың тіліне, тәрбиесіне жанашыр апайыңыз сияқты ел сүйсінер, ел үлгі тұтар ұрпағы бар анаңыз бақытты ғой деп ойлаймын! Аллам өз панасына алғай! Желеп-жебеп жатқай ұрпағын!”, – деп жазды желідегілер. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр