Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев АҚШ-та концерт беріп, түскен ақшаны қайырымдылыққа жұмсамақ

Мейрамбек Бесбаев АҚШ-та Ғазизхан Шекербековпен бірге концерт бермек. Концерттен түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсайды.

Бізде шешілмеген мәселе толып жатыр

“1 сәуір күні Огайода, 2 сәуір күні Филадельфияда кездесейік.  Наурызды бірге тойлайық. Концерттен түскен табыстың бір бөлігі қайырымдылыққа жұмсалмақ. Қасиетті Рамазан айын жақсы ниеттен бастайық”, - деп жазды Бесбаев желіде. 

Мейрамбек Бесбаев Ғазизхан Шекербековпен бірге концерт кешін өткізбек. Әнші ағылшын тілін жақсы білмейтін айтып, алдағы уақытта тіл үйренуге ден қоятынын жеткізді. 

Қос әнші шетелдегі қандастармен Наурыз мейрамын тойлады. Алған әсерімен бөлісіп, АҚШ-тың ерекшеліктерін айтты. 

“Уақытымыз келгенше екі мюзикл көріп үлгердік. Алған әсерді жеткізу мүмкін емес. Көп рахмет”, – деп жазды Бесбаев. 

“Бұл кісі бәрін біледі деп жүрсем, оның өзі үйренгісі, көргісі кеп жүрген дүние қаншама.. Үйреніп жүріп үйретуге болады деген рас!”, – дейді Ғазизхан Шекербеков.

“Тіл үйреніңіз”,  деді Серік Абас шах. 

“Сапар сәтті болсын!”, – деді Әбдіжаппар Әлқожа.

“Сәтті сапар, ақ Микош пен ақ Ғазиз! Сәтті сапар, ақ Микош пен ақ Ғазиз!”, – деп жазды Сәкен Майғазиев.


Талқылау