Тәліптер дәрігерлерге әйелдерді ер адамның бақылауынсыз қабылдауға тыйым салды
Ауғанстанның Газни провинциясында тәліптер әйелдерге қатысты жаңа тыйым енгізді. Енді дәрігерлер ауруханаға ер адамсыз келген нәзік жандыларды қабылдамайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Etilaatroz басылымына сілтеме жасап.

Басылым дерегінше, Мукур ауданында ауруханаға әйел туыстарымен келген бірнеше жағдай тіркелген. Биліктің ойынша, мұндай әрекет "заңға қайшы және адамгершілікке жат". Сондықтан олар дәрігерлерді ер адамсыз келетін әйелдерді қабылдамауға шақырды.
Бұған дейін Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы долларды сатуға және сатып алуға тыйым салған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған