Талдықорғанға жақын тас жолдағы көлік апатынан алты адам көз жұмды
Екі жеңіл көліктің соқтығысуынан алты адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды.
Алматы облысындағы тас жол бойында екі шетелдік автокөлік бір-бірімен бетпе-бет соқтығысқан. Нәтижесінде оқиға орынында 6 адам мерт болды, деп хабарлайды Алматы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Полиция мәліметінше, оқиға «Талдықорған-Текелі» тас жолының 23-ші шақырымында, Ескелді ауданы аумағында 24 қаңтар күні болған.
Қайтыс болған алты адамның үшеуі кәмілетке толмағандар екен. Аталған жол-көлік апаты бойынша, ҚР ҚК 345 бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Алдын-ала белгілі болған алғашқы деректер бойынша, «Мазда» маркалы автокөлікті тізгіндеген 26 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы беттегі жолаққа шығып кетіп, қатты жылдамдықпен келе жатқан қарсы бағыттағы көлікке соқтығысқан.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"
