Талдықорғандағы Даңқ ескерткішінің алдында билеген қыздар жазаланатын болды
Талдықорған әкімшілігі Даңқ ескерткішінің алдында билеген екі қызға қатысты пікір білдірді. Биші қыздар желі қолданушыларының ашуына тиген еді.
Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне қойылған ескерткіш пен алаудың жанында өнер көрсеткен 2 қыздың видеосы желіде тарап кетті. Олардың бұл қылығына желі қолданушылары наразылық білдірді, деп хабарлады Sputnik Казахстан.
Қыздардың биі Талдықорған қаласы әкімшілігінің назарына ілікті. Олар азаматшаларға қатысты құқықтық баға берді.
“Біз қазір ескерткіш алдында болған оқиғаның видеосын тексерудеміз. Оларға құқықтық баға беріп, нәтижелеріне сәйкес тиісті шаралар қолданамыз. Қыздардың кім екені жақында белгілі болады. Полиция бұл оқиғадан хабардар”, – деді Талдықорған әкімшілігінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс.
Тағы оқыңыз:
Ел ішінде қоныс аударатын бойдақ қыз-жігіттерге мемлекет көмектесетін болды
Астанада мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар төлемі теңестірілді
Алматыда «Әділ Қытай» қылмыстық ұйымына қатысты алғашқы сот басталды
Бурабайда мұражайға айналдырмақшы болған жазушының үйінде қаңғыбастар тұрады
35 жастағы қазақ жігіті: Бейтаныс әйел басымды дуалап қаратып алды, енді өз әйеліме баратын бет жоқ
Жан Ахмадиев: Маған сын айтыпты, бірақ Баян кім елді үйрететіндей?