Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорған тұрғындары өрт шыққан сауда үйінен қалай қашып шыққандарын айтып берді

Талдықорғандағы ең ірі сауда нысандарының бірі тапа-тал түсте отқа оранды. «Қарағаш» деп аталатын сауда үйінің түгі қалмай жанып кете жаздаған. Құдай сақтағанда, тілсіз жауды дер кезінде байқаған сатушылар далаға қашып үлгеріпті. Алайда тауарларын алып шыға алмаған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Төтенше жағдайлар департаменті былтыр осы нысанды тексеріп,  9 рет ескерту жасап, иелерін әкімшілік жауапқа да тартқан. Одан қорытынды шығармаған сауда үйі басшылығының немқұрайлығынан ондаған кәсіпкер тақырға отырды.

Тез жанғыш материалмен қапталған ғиамарттағы өрт лезде күш алған. Куәгерлердің айтуынша, бірінші қабатта тұтанған от жоғарыға лап қойған. Айналасы 15 минуттың ішінде ғимараттың көп жерін шарпып үлгерген. Ал адамдар жанын сақтап қалуға жанталасып, далаға қарай жүгірген.

Өртенген ғимараттың жанында тағы екі сауда нысаны болған. От соған тиіп кетсе, жағдай тіптен қиындауы мүмкін еді. Құдай сақтағанда тілсіз жау оларды зақымдай қоймады. Жалпы елуге жуық өрт сөндіруші шарпыған жалынмен үш сағат бойы алысты.

«Қарағаш» сауда үйінің сатушылары қазір шығын көлемін естептеп, бастары қатуда. Олар өртті қасақана бәсекелестер қойды деп күдіктенеді. Айтуларынша, жанып кеткен ғимаратқа қарама-қарсы жуырда ғана жаңа дүкен тұрғызылған екен.  Өрттің нақты шығу себебі жан-жақты тексеруден соң белгілі болады. Осы жағдайға қатысты қазір арнайы комиссия құрылған. Ал шенеуніктер тілсіз жаудың кесірінен шығынға батқандар көмексіз қалмайды деп сендіреді.

“Бірінші кезекте біз психологиялық көмек көрсетуіміз керек. Мұнша шығынға бату кімге болса да оңай емес. Қазір осында қанша кәсіпкердің жұмыс істегенін анықтап жатырмыз. Біз олардың әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс істеп, құрылған комиссия шешімімен көмек беруге тырысамыз”, – дейді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асқар Қожабаев.

Жалпы, соңғы жылдары Талдықорғанда сауда нысандарының өртенуі жиілеген. «Қарағаш» сауда үйі бұған дейін бір мәрте отқа оранып, осымен екінші рет тілсіз жау талқандады.

Оқи отырыңыз:

СҚО-да әйелін пышақтаған ер адам өзін өлтірмек болып үйін өртеп жіберді

Оралда мешітке келушілердің ақшасын жымқырумен айналысқан ұры ұсталды

Ерлан Біләлді қорғаштаған актриса ел алдында жылап тұрып өлең оқыды

Үнді әніне мың бұрала билеген Жанар Айжанова желіні шулатты (видео)

Әріптестері парамен ұсталған Ерлан Біләлді қолдады

Талқылау