Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таксиде босанып қала жаздаған әйелді полицейлер 12 минутта перзентханаға жеткізді

Алматы полиция
Фото: видеодан скриншот

Алматыда патрульдік полицейлер толғағы басталған жүкті әйелді 12 минутта перзентханаға жеткізді. Көп ұзамай әйел аман-есен ұл босанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тасжолының қиылысында болған. Жетісу ауданында кезекшілікте жүрген "Боран-538" патрульдік экипажына такси жүргізушісі көмек сұрап келген. Көлікте толғағы басталған әйел мен оның күйеуі болған.

Такси жүргізушісі әйелді мүмкіндігінше тезірек перзентханаға жеткізу керегін айтқан. Осыдан кейін полицейлер ерлі-зайыптыны патрульдік көлікке отырғызып, Жұбанов көшесіндегі №3 перзентханаға қарай жолға шыққан.

"Полицейлер әйел мен оның жұбайын патрульдік көлікке отырғызып, №3 перзентханаға жеткізді. Жолға небәрі 12 минут кетті. Әйел қабылдау бөлімінде дәрігерлерге тапсырылды. Арада 20 минут өткенде оның аман-есен ұл босанғаны белгілі болды", – делінген полиция хабарламасында.

Жаңа туған сәби – отбасының екінші баласы. Осылайша сол күні кезекшілікте жүрген полицейлердің жедел көмегі арқасында әйел перзентханаға дер кезінде жеткен.

 

Қарлығаш Асқарова
Дүйсенбі, 07 Қыркүйек, 2026 16:07