Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысының үздік патрульдік полиция инспекторы анықталды

Қарағанды облысы полиция департаментінде  "Патрульдік қызметтің үздігі" номинациясы бойынша байқау өтті. Аталған шараға саптық қызметтен 12 тәртіп сақшысы қатысты. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Қарағанды облысының полиция департаменті

Байқау 6 кезеңнен тұрды. Жарыс барысында қатысушылар нормативтік-құқықтық актілерді білу, төтенше жағдай кезінде азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсету, қызметтік қарудан оқ ату, қоян-қолтық ұрыс әдістерін білу, сондай-ақ қатты жылдамдық кезінде автокөлікті тиісті деңгейде басқару бойынша кезеңдерден сынақ тапсырды.

Күн ұзаққа созылған жарыс қорытындысы бойынща бірінші орынды Саран қалалық полиция бөлімі, патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы Ұлан Молдабаев иеленді.

Ал екінші орынды полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Дәулет Рахимов және Абай аудандық полиция басқармасы патрульдік полиция взводының инспекторы Азамат Тастенұлы алды.

Жеңімпаздар Астанада өтетін тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше мемлекеттердің ішкі істер органдары қызметкерлерінің халықаралық байқау-конкурсында Қарағанды облысының намысын қорғайтын болады.

Stan.kz
Сейсенбі, 23 Сәуір, 2024 14:00