Таиланд Қазақстан азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим мерзімін ұзартты
Таиланд туризм басқармасы қазақстандық азаматтар үшін 30 күндік визасыз режим мерзімін ұзартылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay
Отандастарымыз енді Таиландта 31 тамызға дейін бір ай визасыз жүре алады. Мұны Таиланд туризм басқармасы мәлімдеді.
Осыған дейін екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында Таиланд Корольдігі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін қазақстандықтар үшін уақытша визасыз режимді енгізген еді.
Еске салсақ, Қазақстан мен Қытай арасында да визасыз режим іске қосылғаны хабарланған еді.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”