Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Табысты ай: 2022 жылдың наурыз айына арналған жұлдыз жорамал жарияланды

Наурыздың бірінші жартысы махаббат сезімі үшін қолайлы болғанымен қатар, бұл айдың бірінші аптасы қоғамдық жұмыстарға, мансапқа, материалдық және ақшалай мәселелерге де ыңғайлы болмақ. Қарыздар төленеді, шотқа ақша түседі және несиеңіз мақұлданады. Ең көп істеріңізді әсіресе 3 наурыз бен 6 наурыздың аралығында жоспарлаңыз. Stan.kz ақпарат агенттігі 2022 жылдың наурыз айына арналған жұлдыз жорамалды ұсынады.

гороскоп

2022 жылдың 2 наурызы – Балықтар үшін жаңа ай. Жаңа ай кезеңінде эмоциялар аз болады, ал бұл  дұрыс саналы шешімдерді қабылдауға ықпал етеді.

3 наурызда Венера, Марс және Плутон Тауешкіде түйіседі, бұл қуатты аспект 4 наурызда да сезіледі және байыпты жұмысқа, қаржылық мәселелерді шешуге, ұзақ мерзімді жобаларға ақша салуға жақсы уақыт болмақ. Бұл күндер табысты болу үшін, құрылтайшылармен, серіктестермен ағымдағы жағдайларды талқылау үшін сондай-ақ жалпы ресурстарға қатысты барлық мәселелерде стратегиялық жоспарлау және жауапты шешімдер қабылдау үшін тамаша уақыт болады.

5 наурызда Күн Юпитермен Балықтарда қосылады, аспект керемет қуат береді, бұл күндер оптимизмге, жарқын болашаққа сенімге шабыттандырады сонымен қатар адамдарды өз көкжиегін кеңейтуге және әлемді зерттеуге ынталандырады. Бұл күн құқықтық мәселелерді шешуге, мемлекеттік мекемелерге, әкімшілік органдарға жүгінуге қолайлы, бұл күні адамдар мейірімді, бір-бірінің ісіне көмек береді.

6 наурызда таңертең Венера мен Марс суқұйғышқа кіреді, гендерлік планеталардың қосылуының бұл аспектісі наурыздың бірінші жартысы үшін қолайлы фон жасайды. Романтика мен шабыт шығармашылық құлдырауды жеңуге және көңіл күйді айтарлықтай жақсартуға көмектеседі.

18 наурызда Бикеш үшін толық ай туады, ол нақты істер мен көрінетін практикалық нәтижелер арқылы танымал болуға көмектеседі.

20 наурызда күн Тоқты белгісіне кіреді, яғни көктемгі күн мен түннің теңелуі келеді. 20 наурыздың кеші мен 21 наурыздың таңы әлемнің көптеген халықтары мен діндері үшін рәсімдік уақыт болып табылады. Табиғат қысқы ұйқысынан оянып, қуаттың шарықтауын сезінеді, сүюге, шабытқа ұмтылыс күшейеді.

ТОҚТЫ

Сіздің ай бойы қоғамдық істерге қатысуыңыз өте маңызды, өйткені адамдар сізді тыңдауға және сөзіңізге құлақ асуға дайын. Отбасыңыз мен демалысқа уақыт жетпеуі мүмкін. Сіздің белсенді өмірлік ұстанымыңыз басқаларды шабыттандырады, соның арқасында серіктестер мен әріптестердің алаңдаушылығы бекер екенін дәлелдейсіз. Сіз көшбасшылық позицияларды оңай қабылдайсыз, мүдделеріңізді алға тартасыз, алайда тек ұжыммен ортақ келісім арқылы ғана. Өте нәтижелі ай болады, 2022 жылдың ең үздіктерінің бірі, сол себепті бар күшіңізді салыңыз.

ТОРПАҚ

Сіз қазір назарда тұрсыз, айналаңыздағы адамдар сізге қарап, сыртқы келбетіңізді бағалайды, сонымен қатар сынға алады. Бөтен ойы барлар сізді жанжалға тартып, оны қоғам алдына шығарғысы келеді. Сөздер мен мәлімдемелерге абай болыңыз, әсіресе көпшілік алдында, өйткені оның соңы дауға ұласып кетуі мүмкін. Құпия болып қалуы керек нәрсені мұқият сақтаңыз - бұл қарым-қатынасқа, ақшаға, шығармашылық жобаларға қатысты. Отбасылық істерге, махаббат қатынастарына, тату көршілікті қалпына келтіруге қолайлы ай.

ЕГІЗДЕР

Ақпараттың көптігі, көптеген байланыстар мен сапарлар айды өте қызықты және әртүрлі оқиғаларға толы етеді. Тіпті көңіл күйді бұзатын немесе жоспарларды өзгертетін бірдеңе орын алса да үрейленбеңіз, жағдай сіздің пайдаңызға шешіледі. Жұмыс іздеуге, кәсіби дамуға, серіктестік саласында тепе-теңдікке қол жеткізу үшін ыңғайлы кезең. Айдың екінші және үшінші онкүндігі тыныш, сыртқы белсенділік төмендейді, бірақ ішкі өмірде жаңа серпін пайда болады.

ШАЯН

Алған сабақтарыңыз игеріледі, өткен оқиғалар, өзінің және басқа адамдардың әрекеттері талданады – нәтижесінде ортақ үйлесімділікке қол жетеді. Жұмыста атмосфера тыныш, басшылық сізге өте адал, жеңілдіктер жасайды, сондықтан сіз бұл кезеңді еңбек жағдайын жақсарту үшін пайдалана аласыз. Барлығы дерлік ойдағыдай болып жатыр, тоқырап қалған тақырыптарды қайта жандандырасыз. Егер сіз шығармашылықпен айналысатын болсаңыз, наурыз – ең ыңғайлы уақыт.

АРЫСТАН

Жеке және іскерлік қарым-қатынастар үшін белсенді кезең. Мүмкін көптен күткен мансаптық өсу, жобаны қорғау, қажетті рұқсаттар мен сертификаттарға қол жеткізесіз. Сондай-ақ бұл кезең шабыт, шығармашылық белсенділік пен рухани өсу айы. Сіз ішкі дауысты мұқият тыңдауыңыз керек, интуиция саналы және логикалық қорытындылардан гөрі дұрыс қадамға тезірек итермелейді. Әр күніңіз қызыққа толы болады сол себепті түрлі тосынсыйларға дайын болыңыз.

БИКЕШ

10 наурызға дейін ең батыл жобалар, маңызды істер, шұғыл жұмыстар үшін өте қолайлы уақыт. Айдың екінші және үшінші онкүндігінде еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін, немқұрайлылық пен баяу реакцияларды тудыратын қайшылықты жағдайлар туындауы мүмкін. Жеке өмірге, қарым-қатынастағы екіұшты жағдайларға қатысты барлық мәселе айдың аяғында сәтті түрде нақтыланып, өз шешімін табады. Ақшаны жұмсар кезде сақ болыңыз – жоғары импульстің әсерінен мүлдем қажетсіз затты сатып алып қоюыңыз мүмкін.

ТАРАЗЫ 

Шабыт, парадокс және таңғажайып идеялар айы, қоршаған ортаға, басқа адамдардың ойлары мен эмоцияларына сезімталдықтың артуын байқайсыз. Әлеуметтік іске асыруға қатысты мәселелердің көпшілігі сәтті шешілетін болады. Достарыңызбен және бір ұстанымдағы жандармен көбірек қарым-қатынас жасап әрі сізге ұнайтын адамдардың арасында бола отырып, сіз өзіңіздің ең қиын сұрақтарыңызға қажетті анықтамаларды таба аласыз. Болып жатқан оқиғалардың шынайы себептері ашылады, көптен бері шешімін таппаған мәселелерге жауаптар табылды.

САРЫШАЯН

Байланыстың, қарым-қатынастың, танымалдылықтың артуына ықпал ететін әдеттен тыс жағдайлар болады. Мүмкін сізге және сіздің айналаңызға әсер ететін маңызды ақпараттың пайда болады. Ақшаға, ірі сатып алымдар жасауға, сақтандыруға, салықтарға, өсиеттерге және бірлескен ресурстарға қатысты мәселелерді шешуге қолайлы уақыт. Мистицизмге, сырға, емшілікке, парапсихологияға, дінге сондай-ақ философияға қызығушылық артып келеді. Осы тақырыптарға байланысты сіз өзіңізге жаңа мүмкіндіктер ашасыз.

МЕРГЕН

Оқу іс-шараларына, шетелдік сапарларға, жаңа білім алуға қолайлы ай. Шығармашылық белсенділік артады, санадан қажетті ақпараттар қозғалады. Сізге жиі кеңес сұрап келеді және беделіңіз көтеріледі. Наурыз ұзақ мерзімді жоспарлауға, түрлі жаңалықтарды жүзеге асыруға қолайлы ай болмақ. Қандай жағдай болмасын, сіз кез келген жағдайдан дін-аман керісінше өзіңіздің пайдаңызға табыс пен олжаға кенелесіз.

ТАУЕШКІ

Жеке қарым-қатынаста сенімділік пайда болады, іскер серіктестермен араларыңыздағы қайшылықтар жойылады. Бұл ай ізденістің, сұрақтарға жауап алу, интеллектуалдық белсенділік кезеңі. Саяхатқа, құжат алуға, рұқсат алуға қатысты мәселенің барлығы тез шешіледі. Туыстарымен қарым-қатынас белсенді жолға түседі, жаңа білім алуға, пікірлестермен танысуға, конференцияларға және әртүрлі қоғамдық шараларға қатысуға ұмтылыс пайда болады.

СУҚҰЙҒЫШ

Қарым-қатынаста бұрыннан келе жатқан тақырыптар көтеріледі, ұзақ уақыт бойы үнсіз қалған нәрсені анықтау қажетті туады. Мүмкін, көптеген суқұйғыштар серіктесімен бірге тұруға немесе неке құруға шешім қабылдайды. Наурыз айы ресми одақтармен, жаңа серіктестіктермен және ұзақ мерзімді келісім-шарттармен ерекшеленеді. Сақтық пайда болады, бірақ шешім қабылдауда әлі де болса баяулық бар. Дегенмен қателер іс жүзінде алынып тасталды, сондықтан наурызды қолайлы ай деп айта аламыз.

БАЛЫҚТАР

Бизнесте тәртіпке қол жеткізуге болады, жұмыста және оқуда табандылық пайда болады, өзіне деген сенімділік пен тіпті көзсіз батырлық елес береді. Сіз жаңа, мінсіз байланыстарды қалауыңыз мүмкін, ал қате таңдау жасау қаупі жоғары, соның салдарынан сіз бұрыннан бар қарым-қатынастарды жоғалтуыңыз мүмкін. Қайта қалпына келтіру, күш-қуатты қалпына келтіру қабілеті, сондай-ақ ерікті шешімдер қабылдауға бейімділік күшейеді. Шет елдерге қатысты мәселелер, құқықтық мәселелер ойыңыздағыдай шешіледі. 

Талқылау