Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Түркістан облысында үшемді дүниеге әкелген 23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды
Түркістан облысында 23 жастағы ауыл тұрғыны үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап Stan.kz.

Келес ауданындағы Бірлік аулының 23 жастағы тұрғыны Аяжан Төленді бір ұл және екі қызды дүниеге әкелді. Олардың әрқайсының салмағы шамамен 2 келі болады.
Осылайша, бұған дейін 3 баласын тәрбиелеп отырған әйел 6 баланың анасы атанды.
Үшем 3 қыркүйек күні дүниеге келген. №1 облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлерінің сөзінше, шақалақтардың денсаулығы қалыпты.
Жасы үлкен туыстары жаңа туған сәбилерге Олмахан Төреәлі, Фатима және Зәуре деп есім берген.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады