Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрмеде зорланған Наталья Слекшинаның сотында абақтыдағы жантүршігерлік сорақылықтар айтылды

Тергеу қапасында зорланып, қазір соты болып жатқан Наталья Слекишинамен бірге отырған келіншек абақтыдағы сорақылықты сотта айтып берді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

ыыфы

Тергеу қапасында қыз-қырқынға тыныштық жоқ дейді бұрын сотталған әйел. Мұндағы қызметкерлер оларды түнімен төсекке сүйрейтін көрінеді. Темір тордың ар жағындағы қыз-келіншек түрмеде жүріп-ақ жүкті болып жататыны содан екен.

Марина – қапаста көресіні көргендердің бірі. Бірақ толық келіншекті құдай сақтап тергеу абақтысы қызметкерлері төпелеп ұрғаннан арыға бармапты. Алайда онымен бірге отырған басқа қыздарға түнімен тыныштық жоқ екен.

“Олар түнгі екіде бірде келіп қыздарды шығарып алып кетеді. Сосын көбі жылап оралады”, – дейді Марина.

Тергеу қапасының қызметкерлері осылайша сотын күткен келіншектерге күн көрсетпейді екен. Күзетшісінен бастап, қалта тексерушісіне дейін кезекшілік атқарған түні кілттеулі есікті ашатын көрінеді. Онда да төсектес болатын сотталушыны жасына қарап таңдайды. Маринаның айтуынша, олар 18-ден 28 жас аралығындағыларды таңдап алатын көрінеді.

ымыыыыы

Осы сорақылықтың бәрі енді Слекишинаның тергеу қапасында зорлануына қатысты сотта ашық айтылуда. Абақтыда аяғы ауыр боп қалғандардың саны әзірге он шақты. Жазасын қазір өтеп жатқан 32 жастағы Наталья Слекшинаны төрт бірдей қызметкер зорлады делінгенімен, сотта тек біреуі жауап беріп жатыр. Ол түрмеде туған сәбидің әкесі деп танылған майор Руслан Хакимов. Қалғаны тек куәгер ретінде қатысуда.

“Сотқа шақырылған қызметкерлер жаппай жалған куәлік беріп жатыр. Өз сөздеріне өздері қарсы шығуда. Одан қалды, көптеген сауалдар жауапсыз қалды. Мәселен, Слекишинаның абақтыда зорланғаны туралы прокурорға жазған қағазының қайда кеткенін түсіндіре алмады. Осылайша істі жабуға барынша тырысып бағуда”, – деді Н.Слекишинаның адвокаты Айман Омарова.

Натальяның сәбиінің әкесі екені расталғанына қарамастан, Хакимов сотта өзін барынша ақтап жатыр. Айтуынша, Слекишинаның өзі төсектес болуға ықылас білдіріпті. Осылай деген күдіктінің әлеуметтік желідегі парақшасы сексуалдық сипаттағы суреттерге толып тұр. Қыздар оның есімін төсіне дейін жазыпты. Ал сотталушылар мен түрме қызметкерлері арасындағы текетірестің әзірге немен аяқталары белгісіз. Сот жабық өтуде.

Талқылау