Суды шамадан тыс тұтынудың салдары анықталды
Суды шамадан тыс көп тұтыну ағзадағы пайдалы дәрумендер мен қажетті микроэлементтеріндің шайылып кетуіне әсер етеді. Бұған қоса адам денесіндегі ақуыздар көп судың салдарынан ыдырып кетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ресейдің медицина ғылымдарының докторы, білікті маман, биотехнолог Алла Погожева мәлімдеді.
Бұған қоса ағзадағы артық су жүрек-қан тамырлар және зәр шығарушы жүйелеріне күш түсіреді екен.
Ресейлік маманның сөзінше, күнделікті тұтынатын судың нормасы 2,5 литрден аспауы қажет. Айтуынша, ағзадағы 1- 1,5 литр су адам тағамдардың құрамынан, ал қалғанын судың өзін тұтынғаннан алады. Сонымен қатар сарапшы шөлді басуға ішетін сұйықтықты таңдағанда мұқият болуды ескертті. Ол морс, квас, көк шай сынды сусындар сілекей бөлінуіне әсер етіп, шөлді басуға көмектеседі екен.
"Қара түсті Mercedes-ке мінгендер аман оралмады": 11 әйелді тонап, зорлап, өлтірген таксистер қалай ұсталды
Марқұмдардың алтын бұйымдарын, ақша мен қымбат заттарын алып Ташкент базарында сатқан
Қазақстанда кәсіпкерлердің жұмысы жеңілдей ме: Жаңа мораторий не өзгертеді
Заңгер: "Жаңа мораторий енгізілсе, кәсіпкерлерге түсетін жүктеме тағы да азаяды"