Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот Қайрат Сатыбалдының мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмады

Шығыс Қазақстан облыстық соты Қайрат Сатыбалдының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарап, мұны қанағаттандырмай тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сот сотталушының тәртіп бұзушылығы мен тұрақсыз мінез-құлқы бар екенін, сондықтан бұл өтінішті қабылдау тым ерте екенін жеткізді. 

"Сотталған Қайрат Сатыбалдының бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеумен ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартамыз", - делінген сот хабарламасында. 

Айта кетейік, бұған дейін бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш бергенін айтқан еді. Оның айтуынша, кез келген сотталушының мерзімінен бұрын босатуға немесе жазасын жеңіл түрге ауыстыруға өтініш беруге құқығы бар. 

Қайрат Сатыбалдының өтініші №22 Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінде қаралып жатқаны хабарланған еді. 

Еске сала кетейік, Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың наурыз айында "Қазақтелеком" АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікпен ұсталған еді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сотқа дейінгі тергеуді өткен жылы тамыз айында аяқтаған болатын. Ведомство "тергеу барысында мемлекетке жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден асатын немесе 500 миллион АҚШ долларынан асатын заңсыз сатып алынған активтер мен ақшалай қаражат қайтарылғанын хабарлады. 

Бұдан бөлек олар Қайрат Сатыбалдының "салықтар мен кедендік төлемдерден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша" қосымша тергеліп жатқанын мәлімдеді. 

Талқылау