Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қытайда бубон обасы таралып жатыр

Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономды аймағында малшыға бубон обасы диагнозы қойылды. Бұл туралы Баян-Нұр қалалық округінің денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бубон обасына шалдыққан науқас ауруханаға жатқызылғаннан кейін Хошун, Урад-Чонгчи аймақтарында эпидемиологиялық ескерту жарияланды.

Жергілікті билік аурудың таралу қаупі бар екенін ескертті. Тұрғындарға жабайы аңдарды аулауға тиым салынды. 

Баян-Нұр қалалық денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, оба жұқтырған ауыратын науқас бұрын бұл ауру кең таралған аймақта болған. Қазір ол оқшауланып, емделуде. Науқастың жағдайы тұрақты деп бағаланады.

2 шілдеде батыс Моңғолияда обаның екі жағдайы тіркелді деп хабарланды. Аурудың көзі толық піспеген ет болуы мүмкін.

Бубон обасы - бұл егеуқұйрықтар мен басқа жануарларда кездесетін бүргелер қоздыратын бактерия тудыратын ауру. Оба өте қауіпті инфекция болып табылады. XIX ғасырдың аяғына дейін оба іс жүзінде емделмеді, одан көз жұмғандар саны 95% жетті. Он төртінші ғасырда ондаған миллион адам Еуропадағы оба індетінің құрбаны болды. Түрлі болжамдар бойынша Еуропа құрлығындағы халықтың 60%-ы қайтыс болған.

Талқылау