СҚО-дағы көлде балық қырылып жатыр (видео)
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Соленое көлінде балық қырылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Соленое көлі Есіл ауданындағы Покровка елді мекенінің маңында орналасқан. Балықтың қырылғанын ауыл тұрғындары байқап, видеоға түсіріп алған.
СҚО экология департаментінің мәліметінше, осы факті бойынша жауапты мемлекеттік органдардан құралған топ көл аумағынан және өлген балықтан сынама алып, тексеріс бастаған.
СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, Соленое көлін "Чекунов" жеке кәсіпкерлігі жалға алған. Көл 58 гектар аумақты алып жатыр. Көлдің орташа тереңдігі 1-2 метрден аспайды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады