Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сізді қатты жақсы көремін": Қайрат Нұртас туған күнінде әкесіне қымбат көлік сыйлады (видео)

Қайрат Нұртас әкесі Нұртас Айдарбекке қымбат көліктің кілтін ұстатты. Әнші әкесіне көп алдында тілегін айтып, алғысын білдірді. Жұлдызды отбасы туған күнді дүркіретіп атап өтті.

Қайрат Нұртас әкесіне туған күніне орай су жаңа қымбат көлік тарту етті. Көпшілік алдында тосынсый жасады. Ел алдында ақ тілегін арнап, ата-анасына алғысын білдірді. 

“Әкешім, сізді қатты жақсы көремін. Анау төрде тұрған көлік сіздікі. Туған күніңіз құтты болсын”, – деді Қайрат Нұртас. 

Той қонақтары ақ тілегін арнады. Желі қолданушылары құттықтап жатыр. 

“Әкенің қадірін біл тірісінде, әке асқар тау”, “Аллаһ разы болсын, бауырым, әкелеріміз аман болсын”, “Дұрыс, әкенің қадірін білу керек, тірісінде құрметтеу керек”, “Әкеңіз жүз жасасын”, “Әкеңізге көлік керек те емес шығар, оған мұқтаж емес қой”, “Бастысы сыйластық, амандық, саулық тілеймін”, “Әкелер аман болсын, ауырмасын, ата-аналарымыз аман болсын, ұзақ өмір тіледім”, – деп жазды олар. 

Айта кетейік, Түркияда демалып келген Гүлзира Айдарбекова күйеуінің туған күніне орай той жасап жіберді. Ол Нұр-Сұлтаннан Алматыға келген жұбайына тосынсый ұйымдастырған еді.


Талқылау