Гүлзира Айдарбекова күйеуіне тосыннан той жасап берді (видео)
Түркияда демалып келген Гүлзира Айдарбекова күйеуінің туған күніне орай той жасап жіберді. Ол Нұр-Сұлтаннан Алматыға келген жұбайына тосынсый ұйымдастырды, деп хабарлайды Stan.kz.
Тойдағы қызықты сәттерімен Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
"10 шақты досың күтіп отыр деп алып келгенбіз, есіктен кіргенде, алдынан шу етіп ағайындар мен достарымыз түгел қарсы алғанда, сасқанынан "Дастарқанды не істейміз?" деп құлағыма сыбырлап жатыр. Қайдан білсін, Түркияда жүрсем де телефонмен бәрін реттеп қойғанымды.
“С корабля на бал” дегендей болды. Мен Түркиядан, Нүрекең Астанадан ұшып келгенбіз ғой. Қайратымның өнердегі достары да барынша үлестерін қосып, қонақтарымыз қайтқылары келмей барынша көңіл-көтеріп, Аллаға шүкір ойымыздағыдай өтті. Әрбір шаңырақта той болсын!" – деп жазба қалдырды ол.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады