Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Джуринская мектептегі ұстазынан көрген қорлығы жайлы айтты

Жәния Джуринская бүгінде танымал актриса, бірнеше бизнес иесі. Алайда ол бұл күнге бір күнде келе салмағанын айтады. Джуринская бала кезде ұстазынан көп қорлық көргенін, сол кезде қалыптасқан өзіне деген сенімсіздіктен арылу үшін көп уақыт керек болғанын әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жәния бастауыш сыныпта өте ұяң болыпты. Сыныпта мүлдем тіл қатпағаннан кейін, мектеп одан бас тартқан көрінеді.

"4-ші мектепте бірнеше ай оқығаннан кейін, ата-анамнан құжаттарымды алып, мені басқа мектепке ауыстыруды өтінді. Себебі мені сөйлете алмаған. Өте ұяң болдым, ешкіммен сөйлеспедім, тіпті тақтаға шықпайтынмын.

Басқа мектептегі жағдай бұдан да ушыға түсті. 5-сыныпқа дейін мұғалім тарапынан қудаландым. Мені ұнатпай қалды, болды. Барлығынан бөлек, жырақта тұрған үстелге отырғызып қоятын (парта емес). Мені "Камчатка" деп атайтын. Сонда өз есімімді 5 жылға ұмыта жаздадым, себебі бәрі солай атап кетті. Жай ғана оған ұнамағандықтан, жарты күн бұрышта тұратынмын", – дейді Джуринская.



Жағдай 6-сыныпқа келгенде өзгерген. Жәнияның кезекті ұстазы оның адам ретінде қалыптасуына үлкен септігін тигізіпті. Актриса Вера Петровнаға өмір бойы алғыс айтып өтетінін жеткізді.

"Содан кейін ашыла бастадым. Шашымды неше түрлі етіп қиып, бояйтынмын. Мені өзгелердің байқағанын қаладым.

Бала кезімнен елдің назарын аударғанды, сахнаға шығуды қаладым. Бірақ ұзақ уақыт бойы бойымдағы ұялшақтықпен, өзіме деген сенімсіздікпен күрестім", – дейді Жәнияның өзі. 

Алайда оқуға түсер кезде Жәния тағы да өзіне сенбей, актриса боламын деген бала арманынан бас тартқан. Нәтижесінде "Журналистика" факультетіне түскен. Бірақ 1 жылдан кейін құжаттарын кері алып, Жүргенов академиясына түсуді ойлаған. 

Сол шақта Баян Мақсатқызының "Коктейль для звезды" фильміне кастинг жүріп жатқанын естіп, бағын сынап көрген. Нәтижесінде Сая Оразғалиевамен бірге әншілер тобына қабылданған. Джуринскаяның өнердегі мансабы осылай басталған. Жәния бұл хикаясы арқылы өзіне сенімсіз қыздарға сабақ болғысы келетінін айтты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр