Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыртынан жауып тастады: Қарағандыда коронавирус ошағы болған тұрғын үй оқшауланды

Қарағандыда коронавирус ошағы анықталып, тұрғын үй кешені 14 күнге карантинге жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

карантин

Тұрғындардың "қашып кетуіне" жол бермеу үшін билік кіреберістің алдыңғы есігіне құлыпты сыртынан іліп, адамдарды 14 күнге жауып тастады. 

Әлеуметтік желіде жабық подъездің видеосы пайда болды, онда үйдің Ермеков көшесінде орналасқанын атап өтті. 

Кіреберіс басқа қалалардағы секілді тек лентамен емес, толықтай жабылды.

Кейін ақпаратты облыс әкімдігі растады.

Қарағанды облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде СOVID-2019 күдігі бар бір оқиғаның тіркелуіне байланысты аталған шаралар қабылданғанын нақтылады.

"Пәтерлер мен кіреберістерге дезинфекция жүргізілді.  Полиция кіреберіске күзет қойды. Дәрігерлер тұрғындардың денсаулығын үнемі қадағалап отырады", - деді департамент өкілдері.

Подъездің ішінде қоқыс жинауға арналған пластик контейнер орнатылды. Қоқыс күніне екі рет шығарылады.

Азық-түліктер супермаркеттен сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жеткізіледі. Курьермен байланыс болмайды, тапсырыстарды полиция қызметкерлері береді.

14 күндік карантин аяқталғаннан кейін тұрғындар өздерінің қалыпты өмір ырғағына орала алады.

Осы сағатқа дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырған 284 адам тіркелді.

Талқылау