Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сирияда соғысқан Қазақстан азаматы Алматыға депортацияланды

Лаңкестер арасында Сириядағы соғысқа қатысты деп күдіктелген Қазақстан азаматы Стамбулдан Алматыға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кнб депорта

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 27 қаңтарда халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін күдікті – 22 жасар қазақстандық Стамбулдан Алматыға айдауылмен депортацияланған.

Тергеу материалдарына сәйкес, Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда әрекеттегі қарулы топтардың біріне кірген.

“Оны ұстауды және отанына беруді ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауымен ұйымдастырды. Ұсталғанға қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр”, – делінген ақпаратта.



Ұсталған азаматтың сот санкциясымен қамауға алынғаны айтылады.

“Қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп қосты ҰҚК.

Айта кетейік, бұған дейін террористік топ құрамына кірген қазақстандық Болгариядан экстрадицияланған. 

Талқылау