Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швецияда терактіге қатысы бар екінші күдікті ұсталды

Стокгольмде болған оқиға кезінде қаза болған немесе зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімет әзірге жоқ, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Индустрия және туризм комитетінің басшысы Марат Иғали.

17523629_1323776307714929_469726688183783353_n

2017 жылдың 7 сәуірі күні Швеция астанасы Стокгольмде жүк көлігі адамдарды басып кетті. Осы оқиғаның салдарынан 3 адам мерт болды. Зардап шеккендердің саны нақтылануда. Полиция көптеген адамдардың жарақат алғандығын айтуда.

Швеция премьер-министрі барлығы да терактіге меңзеп тұрғанын айтты. Полиция «Террористік акт туралы» режим енгізді. Стокгольм билігі бүкіл метрополитеннің жұмысын тоқтатты. Вокзал мен өзге де бірқатар ғимараттар эвакуацияланды.

99

«Оқиғаның салдарынан құрбан болғандардың арасында қазақстандық туристер болғандығы туралы мәлімет әзірге жоқ. МСМ-нің Индустрия және туризм комитеті Швецияда жүрген азаматтарға үрейленбей қауіпсіздік шараларын сақтауға, адамдар көп шоғырланатын аймақтардан аулақ болып, билік өкілдерінің кеңестерін тыңдауға кеңес береді»,-деп жазды Иғали бүгін әлеуметтік желіде.

МСМ-нің Индустрия және туризм комитеті Швецияға туристік сапарлар ұйымдастыратын туроператорларды клиенттеріне қауіптер туралы дер кезінде ақпараттандырып, қауіпсіздік шараларын сақтауды талап етуге шақырады.

Швеция полициясы Стокгольмдегі терактіге қатысы бар делінген екінші күдіктіні ұстады.

SVT телеарнасының ақпаратына қарағанда, ер адам қала түбіндегі Хьюлста (Hjulsta) қолға түскен.

Оның өзге де ұсталған күдіктілермен байланысы бар делініп отыр.

Бұдан бұрын полиция Мэрста шағынауданындағы дүңгіршектердің бірінде ер адамды ұстағандығы хабарланған болатын. 39 жастагы ер адам полиция іздеп жатқан күдікті тәріздес киінген.

Оның киімінен шыны сынықтары табылды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда балалар үйінің басшылары тәрбиеленушілеріне діни ағым туралы фильм көрсетіп, уағыз айтады

Қытайлық хирургтер науқастың жұлынған қолын аяғына жалғап құтқарып қалды

Дәрігерлер толғағы қысқан әйелді босандыра алмай сәбидің басын кесіп тастаған

Талқылау