ШҚО-да таудан үгітіліп түскен жартас көлік өтетін жолды басып қалды (видео)
Шығыс Қазақстан облысында жартас үгітіліп, Өскемен-Алтай тас жолына құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жартастың жолға құлаған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Жартас жолдың жарты бөлігін басып қалған. Куәгерлердің айтуынша, бұл жартас ұзақ уақыт бойы тұрғындардың үрейін тудырып келген.
"Бұл жартас көптен бері құлағалы тұр еді. Қарап қорқып жүр едік", - деп жазады желі қолданушысы.
Жергілікті тұрғындар мұндай қауіп төндіретін жартастар неліктен темірмен бекітілмейді деп наразы.
Қазіргі таңда жол тас үйіндісінен тазартылған.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі