Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да көз жұмған төрт бала жайлы деректер пайда болды

Шығыс Қазақстан облысы Аягөздегі интернатта көз жұмған төрт бала жайлы жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аягөз интернат

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Әлішер Мархабат мәлім айтты. 

"Комиссия мүшелері медициналық құжаттаманы және бейнебақылау камераларына түсірілген жазбаларды түгел қарап шықты. Анықталғандай, балалар бір уақытта қайтыс болмаған. Өлімге әртүрлі туа біткен аурулардың бір ай ішінде асқынып кетуі себеп болып отыр", - дейді әкім орынбасары.

Сөзінше, оқиға 2 сәуірде орын алған. Бұл күні 12 жастағы бала көз жұмыпты. Ал 12 сәуірде 12 жасар бала, 20 сәуірде 14 жастағы бала және айдың соңында 8 жасар қыз бақилық болған.

"Дәрігерлердің тұжырымына сәйкес, балалар өлімінің қызылшаға еш қатысы жоқ. Бұны дәлелдейтін медициналық анықтамалар мен актілер бар. Комиссия жұмысының негізінде ішкі істер органдары оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ жұмыс барысында медициналық құжаттарды жүргізу кезіндегі заңбұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қосымша тексеріс жүргізуде", - деп қосты шенеунік. 

Еске салайық, бұған дейін Аягөздегі арнайы интернатта бірден 4 бала көз жұмғаны айтылған еді. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр