ШҚО-да аудандық мәслихат депутаты өзіне қол жұмсады
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының депутаты суицид жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде Зайсан аудандық мәслихат депутатының өзіне қол жұмсағаны жайлы ақпарат тарады.
"31 тамыз күні полицияға Зайсан қаласының 58 жастағы тұрғынының өзіне қол жұмсағаны жайлы хабар келіп түсті. Қазір аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені жүріп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпаратты жария етуге тыйым салынған", – деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова.
Бейресми дерек бойынша, мәслихат депутаты үйінде өз-өзіне оқ атқан.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды