Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өте айлакер және сұм ел": Шыңжаңдағы лагерьде қамауда болып аман қалған ұйғырлар БҰҰ кеңсесі алдында митингке шықты

Осы аптаның басында Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының алдында Қытайдағы интернация лагерлерінен (мәжбүрлеп ұстау) аман қалған ұйғырлар БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі басшысымен кездесуді талап етті. Олар Шыңжаңдағы адам құқықтарының бұзылуы туралы мерзімі өткен баяндаманы қайта жариялауды, Қытайға барып жағдайды өз көздерімен көруді талап етті. Митинг бір аптаға созылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Radio Free Asia басылымына сілтеме беріп хабарлайды.

Ұйғыр ұлтының өкілдері: Келбинур Седик, Гүлбахар Джелилова, Гүлбахар Гаитиваджи және Өмір Бекали БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелетпен кездесуді сұрады. Ол өткен айда Қытай үкіметімен Қытайдың батыс аймағына бару туралы келісімге келгенін хабарлаған болатын.

Ұйғырлар Мишель Бачелет Қытайға барар алдында оның адам құқықтары туралы есебін жариялағанын қалайды. 

"Мен оларды Үрімшідегі лагерьлер мен түрмелерге қуана апарар едім", – дейді Гүлбахар Джелилова Шыңжаң астанасын меңзеп.

“Егер біз оларға шынайы көріністі көрсетпесек, Қытай оларға шындықты ашпау үшін әртүрлі “ойын жүргізеді”. Сондықтан осы сапарды ұйымдастыруды сұрап отырмыз”, – дейді Гүлбахар Джелилова.

Гүлбахар Джелилова БҰҰ тобына ұйғырлар өлім жазасына кесілген жерді және тұтқындардан ағза алынатын аурухананы көрсете алатынын айтты.

Джелилова Үрімшіге іссапармен барған кезде "терроризмге қатысы бар" деген айыппен ұсталғанын және 2017 жылдың мамыр айынан бастап 15 ай бойы үш түрлі лагерьге қамалғанын жеткізді. Ол 2018 жылдың қыркүйегінде Қазақстандағы екі баласының Қазақстан үкіметінен дипломатиялық көмек сұрауының нәтижесінде елге оралған.

Содан бері Джелилова лагерьлердегі көптеген қатыгездіктердің, соның ішінде жазықсыз адамдардың азапталуы мен өлімінің куәсі болғанын мәлімдеді.


Мұсылмандар ұйғырларға жасалған қысымнан кейін Пекинде өтетін Қысқы Олимпиадаға бойкот жариялауға шақырды 


Құқық қорғаушылар Бачелеттің кеңсесіне келіп, Қытай билігінің Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (ШҰАР) ұйғырлар мен басқа да түркі қауымдастықтарына қарсы құқық бұзуы туралы мерзімі өтіп кеткен есепті қайта жариялауды талап етті.

1,8 миллионға жуық ұйғыр және т.б. ұлттар Қытай үкіметінің мұсылман топтары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу деген желеумен интернациялау лагерлерінің ірі желісінде орналасқан.

"Бачелет Қытайға барып қайта оралғаннан кейін әлемге шындықты ашады деп үміттенеміз", – дейді 52 жастағы Келбинур Седик.

Ал Шыңжаң аймақтық үкіметі Шыңжаң лагерьлерінде көрген зорлық-зомбылықтары туралы куәлік берген Седик пен басқа бұрынғы ұйғыр әйел тұтқындарының беделін түсіретін мәлімдемелер жасады.

"Біз Қытайдың өте айлакер және сұм ел екенін, жалған адамдар мен шындыққа жанаспайтын “көріністер қоюда” алдына жан салмайтынын жақсы білеміз", –  деді Гулбахар Гаитиваджи.

Қытай билігі тарапынан азаптауларға душар болғанын айтқан Өмір Бекали лаңкестік әрекет жасады деген айыппен тоғыз ай бойы қысым көрген қазақ текті ұйғыр. Ол БҰҰ-ның штаб-пәтері маңындағы шеруді "халқымызға бағытталған қастандықты тоқтату үшін жасаған алғашқы маңызды қадамдарымыздың бірі" деді. 

"Біз бұл науқанды халықаралық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын бізге көбірек аудару үмітпен бастадық". Кейінірек оны Еуропалық Одақты қамту үшін кеңейтеміз деп үміттенеміз. Біз сондай-ақ АҚШ лагерлерінен аман қалғандар БҰҰ ғимаратының алдында осындай митинг өткізеді деген үмітіміз бар", – дейді ол.

Америка Құрама Штаттары үкіметі мен кейбір батыс елдерінің парламенттері Қытай үкіметінің Шыңжаңдағы қиянаттарын геноцид және адамзатқа қарсы қылмыс деп атады.

Бачелет 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Шыңжаңға кедергісіз кіруге тырысып баққанын айтады. Оның сапары сол аймақта еркін жүріп-тұруы туралы мәселелерге байланысты кейінге қалдырылған еді.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Бачелеттің Шыңжаңға сапары сенімді болуы үшін тәуелсіз және еш кедергісіз болуы керек деп мәлімдеді.

Айта кетейік, дүйсенбіде АҚШ-тың Халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясы (USCIRF) өзінің жыл сайынғы есебін жариялап, онда Қытай, Мьянма, Солтүстік Корея және Вьетнамды және басқа 15 мемлекетті "ерекше алаңдаушылық тудыратын елдер" ретінде белгілеуді ұсынады. Себебі олар дін бостандығына қатысты "жүйелі, тұрақты және өрескел бұзушылықтар" жол береді делінді.

"Соңғы бір жылда АҚШ үкіметі діни бостандықтардың бұзылуын айыптауды және мақсатты санкциялар мен басқа да құралдарды қолдану арқылы кінәлілерді жауапқа тартуды жалғастырды" – деді USCIRF төрағасының орынбасары Нури Туркел мәлімдемесінде былай дейді.

USCIRF 2022 жылдық есебінде Конгресс пен атқарушы билік адам құқығын одан әрі дамытуға қалай көмектесетіні туралы ұсыныстар береді делінді.

Талқылау