Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда желатин мен коллаген өндірілмек

Зауыт
Фото: magnific.com

Қазақстанда тағамдық желатин, коллаген, пептон және басқа да ақуыз өнімдерін өндіретін кәсіпорын іске қосылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жаңа кәсіпорынды биылғы жылдың төртінші тоқсанда іске қосу жоспарланып отыр. "Taraz Gelatin" компаниясының жобасы 5 миллиард теңгеге бағаланған.

Кәсіпорында ірі қара малдың терісі қайта өңделеді. Шикізатты Алматы, Семей, Тараз және Арқалық қалаларындағы ет өңдеу кәсіпорындарынан сатып алу жоспарланған. Осы шикізаттан жылына 3 мың тоннаға дейін тағамдық желатин және тағы 1 мың тоннаға дейін коллаген, пептон және басқа да ақуыз өнімдері өндіріледі.

Кәсіпорын 8 гектар аумақты алып жатыр, қазір оның дайындық деңгейі шамамен 80%-ды құрайды. Негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған.

Жоба аясында жергілікті шикізатты қосылған құны жоғары өнімге айналдыру көзделген.

Еске салсақ, бұған дейін Балқашта 750 миллиард теңгеге алпауыт зауыт салынатыны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 23 Қыркүйек, 2026 21:28