Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Михаил Ломтадзе Kaspi.kz-тің болашағын қалай елестетеді: Суперқосымшадан күнделікті міндеттерге арналған жеке AI-көмекшіге дейін

ломтадзе
Фото: Kaspi.kz

Kaspi.kz-тің мақсаты – әрбір қазақстандыққа арналған дербес AI-көмекші жасау. Бұл туралы компанияның басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе Kazakhstan Growth Forum-да айтты.

"Бұрын біз әрбір қазақстандықтың күнделікті қолданатын суперқосымшасы болғанын қаладық. Енді әрбір қазақстандыққа арналған дербес көмекші жасағымыз келеді", – деді ол.

Компания "Каспий" банкінен Kaspi Bank-ке және онлайн-қызметтерді дамытуға дейінгі жолдан өтті. Кейін Kaspi Магазин, төлемдер және басқа да сервистер Kaspi.kz суперқосымшасына біріктірілді.

Ломтадзенің айтуынша, дамудың келесі кезеңі сервистермен өзара әрекеттесуді жеңілдетіп, жылдамдатуы тиіс. Адам өз міндетін қарапайым сөздермен түсіндіреді, ал AI-көмекші оның қажеттіліктерін ескере отырып, тиісті шешімді табуға көмектеседі.

"Сіз сөйлесесіз, міндет қоясыз және дайын шешім аласыз", – деп түсіндірді Ломтадзе.

Бұл бағыттағы алғашқы қадам – Kaspi Магазиндегі Kasper. Ол клиенттерге тауар таңдауға көмектеседі. Алдағы уақытта компания Kasper көмектесетін күнделікті міндеттердің аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 23 Қыркүйек, 2026 19:29