Шымкентте ер адам аттракционға барамын деп көз жұмды
Шымкентте ер адам "Қиял әлемі" технопаркіне барғаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Шымкенттің құқық қорғау органдарының қызметкерлері "Қиял әлемі" технопаркіндегі ер адамның не себепті мерт болғанын анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, аттракционға келушінің жүрек талмасы ұстаған.
Куәгерлердің айтуынша, 45-50 жастағы ер адам "Балға" аттракционының сеансына отырған кезде өзін жайсыз сезіне бастаған.
Төтенше жағдайға көргендер дереу жедел жәрдем шақырған. Алайда ақ халаттылар ер адамның өмірін құтқара алмады. Дәрігерлердің алдын ала болжамы бойынша, ер адамда жүрек ұстамасы болған.
Сондай-ақ куәгерлер жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін технопарк қызметкерлері де келушіге өз бетінше көмек көрсетуге тырысқандарын айтты. Бірақ оларда кезекші медициналық маман тұрмақ, тіпті қарапайым дәрі-дәрмек қобдишасы да болмаған көрінеді.
Болған оқиға бойынша тексеріс жұмыстары басталды. Технопарк жұмысы уақытша тоқтатылған.
Өкінішке қарай, бұл "Қиял әлемі" технопаркінде болған алғашқы қайғылы оқиға емес. Биыл мамыр айында жазатайым оқиғадан 17 жастағы жігіт мерт болған еді. Жігіт мектеп бітірген, саябақта қосымша жұмыс істегені хабарланды. Ол аттракционың металл құрылымына шығып, құлап кеткен. Бозбала жедел жәрдем қызметі келгенше, оқиға орнында жан тапсырды.