Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте балабақша меңгерушілері 45,7 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді

Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мектепке дейінгі мекеменің басшылары 2019-2021 жылдары мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың сабаққа қатысу есебіне дұрыс емес мәліметтер енгізген. Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруға "Балапан" бағдарламасы бойынша бөлінген жалпы сомасы 45,7 млн ​​теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған.



Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.

 

 

Талқылау