Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 миллиард теңге шығын келтірген: Таразда ерлі-зайыптылар ұйымдасқан қылмыстық топты басқарған

Таразда ұйымдасқан қылмыстық топты басқарған отбасы жалған шот-фактура шығарумен шұғылданған. Олардың қылмыстық әрекеттерінен мемлекетке 1 миллиард теңге салық түспей қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

отбасы

"Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті "Көмековтер" ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеді. Көмековтер ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 белсенді мүшесін басқарғаны, олардың әрқайсысы жалған кәсіпорындардың тұтас желісі арқылы іс жүзінде жұмыс істемей, шот-фактураларды берудің қылмыстық схемасында белгіленген қызмет жасағаны анықталды. Олардың шын мәнінде жұмысшылар штаты мен өндірістік базасы болмады және контрагенттерге жалған шот-фактуралар беру арқылы салықтан жалтаруға көмектесу үшін ғана құрылған", – делінген хабарламада. 

Агенттік мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің салдарынан мемлекет бюджетіне салық түріндегі 1 миллиард теңгеден астам қаражат түспеген. 

Сот ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сатып алған Орал қаласындағы кеңсесін және сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде тәркіленген 17 миллион теңгеден астам қаражатты тәркілеумен қатар, мемлекеттік кірістер органдардың 10 млрд теңгеден астам сомаға келтірілген залал сомасын өтеп беру туралы азаматтық талап арызын да қанағаттандырды. 

Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылар түзеу мекемелерінде 3 жылдан 5 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды Ал Көмековтер қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 7 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Талқылау