AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 14 мың үй заңсыз салынған – Индустрия министрі

Сенат Алматы қаласы бойынша кейбір нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарады. Оның негізінде қаладағы заңсыз құрылыс мәселесін шешуге қатысты ұсыныс енгізіліп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

өскенбаев

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, мүлікті заңдастыру проблемаларын шешу үшін жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарайтын арнайы комиссия құру ұсынылып отыр.

"Жалпы, өз бетімен салынған құрылыс нысандарын сүріп тастау немесе заңдастыру мәселесі заңмен бекітілген. Барлығы сот арқылы шешіледі. Ал Алматының негізгі проблемасы сол, соңғы кезде қалаға бірнеше аудан қосылды. Осы елді мекендерде заңдастырылмаған құрылыс өте көп. Шамамен 14 мың үй-жайдың рұқсат қағазы жоқ. Былайша айтқанда, жаппай салып тастаған", – деді Өскенбаев сенаттың жалпы отырысында.

Осы орайда жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібін түсіндірді.

"Егер техникалық жағынан құрылысты заңдастыруға мүмкіндік болса, халықты дүрліктірмеу үшін тиісті рұқсат қағаздары беріледі. Бірақ өз бетімен салынған құрылыстар бас жоспар бойынша жол және тағы басқа коммуналдық желілер өтетін жерде салынған жағдайда ол жерлерді қайтару мәселесі қаралады", – деп атап өтті Өскенбаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр