Шымкентте 11 жасар баланың өкпесіне қазық қадалып қалды
Шымкентте 11 жасар оқушы ойнап жүріп абайсызда құлап, салдарынан сол жақ өкпе тұсына қазық кіріп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz басылымына сілтеп хабарлайды.

Бала жақын жердегі №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.
Шамамен 15-20 сантиметрлі қазық кіріп кеткен оқушыға дереу ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, операция сәтті аяқталған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы бір қалыпты. Ақ халаттылар ата-аналарға балаларына баскөз болып, сақ болуға шақырады.
Жаз мезгілінде осыған ұқсас оқыс оқиғалар саны артады. Дәрігерлер, ата-аналарға барынша балаларына баскөз болып, сақтанып жүреге шақырады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі