Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары әкімнен уақытты бір сағат артқа жылжытпауды сұрады
Өскеменде тұрғындар жиналып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің атына жергілікті уақытты бір сағатқа артқа аудармау туралы өтініш дайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Меновное ауылының тұрғындары облыс әкіміне, сондай-ақ мәжіліс пен сенат депутаттарына жолдаған үндеуінде бірыңғай уақыт белдеуіне ауыстыруға қатысты өз дәлелдері мен алаңдаушылықтарын білдірді.
Сағат тілін бір сағатқа артқа аударса, жазда күн түнгі сағат екіде атып, сағат 20:00-де қараңғы болатынын айтады.
"Осы арқылы циркадты өмір ағысын бұзасыздар. Көптеген аурулардың себебі – биоритмдердің бұзылуы. Соның кесірінен адам өзін нашар сезініп, өнімділік төмендейді, созылмалы аурулар асқынады. ШҚО-да уақытты артқа емес, бір сағатқа алға жылжыту керек. Уақыттың ауысуына байланысты адамдар жұмыстан қараңғыда қайтып, күн жарықта өз істерімен айналыса алмай қалады", ‒ делінген үндеуде.
Еске сала кетейік, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан аумағында бірыңғай сағат белдеуін енгізу ұсынылған еді. Мамандар мұның денсаулыққа пайдасын айтты.