Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шығыс Қазақстан облысындағы "Алтын" дауы": Жергілікті билік не дейді?

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде жергілікті тұрғындар мен ауыл маңынан алтын өндіретін фабрика салуды жоспарлаған компания өкілдері арасында жанжал шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға Күршім ауданы Маралды ауылында болған. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті. Жарияланған видеода жол талғамайтын көлікпен келген жігітке қарсы шыққан ондаған ер адам мен әйел кісілерді көруге болады. 

"Қорқыту үшін келдің бе?" деп сұрайды тұрғындардың бірі.

Ал аудан әкімдігі орын алған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, жағдай шілденің 19-ы күні ауылда жергілікті тұрғындар мен алтын өңдеу зауыты өкілдері жиналып, фабрика құрылысы тақырыбын талқылаған кезде болған.

"Ауыл тұрғындары мен зауыт жұмысшыларының қатысуымен болған жанжалдан кейін құқық қорғау органдары келіп, жағдай тез арада реттелді. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Д.Б.Сапанов, Күршім ауданының әкімі А.Т Ақышов пен Шығыс Қазақстан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Т Бердімұратов тұрғындармен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді әкімдік.

Құқық қорғау органдары кәсіпорынның аумағы мен орналасқан дері тексеріп жатқаны атап өтілді. Жағдай бақылауда.

Талқылау