"Шығарып салуға дайын жүріңдер деді": Жазира Байырбекова анасының сырқаты жайлы айтты
Жазира Байырбекова анасының ауыр сырқаты жайлы айтты. Дәрігерлер әншінің анасына ауыр диагноз қойып, кез-келген уақытта бақиға аттанып кетуі мүмкін екенін айтқан. Одан бері 7-8 жыл өткен. Әнші анасының ұзақ өмір сүруі үшін не істегенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Миына қан құйылған, кез келген уақытта шығарып салуға дайын жүріңдер" деді.
Сонда Алладан жалынып “Анама тағы ең болмағанда 5 жыл берші. Анама жақсылық жасап әлі үлгермеген бауырларыма мүмкіндік берші” деп сұрадым.
Содан бері анам бала сияқты болса да, ақыл кеңес айтуға қауқары болмаса да әйтеуір көз алдымызда.
Аллаға сансыз шүкір. Шын тілегенімді ескерусіз қалдырмайтынына тағы бір дәлел осы", - деп бөлісті Байырбекова.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді