Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пандемия кезінде әншілердің жартысы таксист болып жұмыс істеді - Бауыржан Исаев

Коронавирус пандемиясы кезінде әнші-әртіс атаулы жұмыссыз қалды. Жеке кәсіптің де тоқырап тұрған кезі. Сонда көптеген өнер иелері такси жүргізушісі болып ақша тапқан. Бұл туралы әнші Бауыржан Исаев "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Тек қана біздің емес, қазақ елінің басына түскен үлкен сынақ болды. Той мен концерттер тоқтағаннан кейін, бәріміз үйде отырып қалдық. Жасыратыны жоқ, таксист де болдық, жеткізу қызметінде де жұмыс істедік. Алматының жарты әншілері таксиде жүрді. 

Нұр-Сұлтанда құрылыста істейтін жақын досым бар. Соның өзі: "Маған біраз тамада, әншілер келді. Қиналып қалғандарын айтып, жұмыс сұрады. Кафель қоямыз, левкас жағамыз дегендей", –  деді. Тең жартысы әншілер деді.



Өзім үйде жата алмадым. Он екі мүшем сау, астымда көлігім бар. Жинаған қорым да болған жоқ. Жақсы тұрамыз, Әлхамдулиллях", – деді ол.
Әнші жаңа қызметі барысында ауру жұқтырамын деп ойламаған. Бетперде тағып, сақтық шараларын ұстанған. Десе де, коронавируспен бір рет ауырып шыққанын айтты.

"2020 жылы Шымкентте әкем мен анам қатты ауырған болатын. Өте ауыр халде жатты, бірақ Әлхамдулиллях, Алланың рақымымен емделіп шықты. Ауруханада жүріп, өзімнің де ыстығым көтеріліп ауырдым", – дейді Исаев.   

Талқылау